×

ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың 20 мыңға жуық дерегі анықталды

Болған өрттердің салдарынан 2 адам қаза тапты

 Динара Амантай 30.10.2023 | 17:51
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымының басталуымен бірге, көміртегі тотығымен улану және пештегі өрттер көбейген.

Мәселен, қазанның басынан бастап Шығыс Қазақстанда 36 өрт болды. Оның ішінде пештің ақауы салдарынан 8 жағдай тіркелді. Болған төтенше жағдайлар кезінде 2 адам қаза тапты.

ШҚО ТЖД қызметкерлері бүкіл облыс бойынша азаматтарды пештер мен электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйретуге бағытталған профилактикалық рейдтерді жандандырды. Күздің басынан бастап барлығы 68 мың 461 тұрғын үй араланды. Бұл ретте 19 мың 236 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды. Оның ішінде пешпен жылытуға тікелей байланысты – 8 мың 507, электр желілері мен жабдықтар бойынша – 7 мың 434 бұзушылық, басқа да бұзушылықтар – 3 мың 295.

Қазір азаматтардың әлеуметтік осал санаты тұратын пешпен жылытылатын үйлерді аралаудың екінші кезеңі өтіп жатыр. 3 мың 574 үйдің 820-сы тексерілді. 137 үйде анықталған бұзушылықтар жойылған жоқ. Бірақ 636 үйдің иелері ТЖД мамандарының ұсыныстары бойынша бәрін тез арада жойды. 3 үйде бұзушылықтар жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама