×

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі соққан Audi 80-нің жүргізушісі қаза тапты

Тағы бір адам реанимацияға жатқызылды

 Динара Амантай 30.10.2023 | 11:30
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан көліктің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тлшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 30 қазанға қараған түні Талдықорғанның орталығында болған. Жедел жәрдем көлігінің 54 жастағы жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған Audi 80 көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, соққы кезінде неміс шетелдік көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқан. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ 36 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды, – делінген полиция хабарламасында.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде көзделген тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама