×

Костенко шахтасындағы апат: қаза болғандар саны 38 адамға жетті

8 кеншіні іздеу жалғасып жатыр

 Халық үні 29.10.2023 | 14:52
фото: Қарағанды облысы әкімдігі

29 қазан сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қарағанды облысындағы шахтада тағы бір кеншінің мәйіті табылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Костенко атындағы шахтада 38 адамның мәйіті табылды, 8 кеншіні іздеу жалғасып жатыр.

Іздеу жұмыстары қираған шахта жабдықтары, сондай-ақ кей жердегі үйінді салдарынан қиындаған.

Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Шахтаға келе салысымен менің жетекшілігіммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника, марқұмдар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетіп жатқан 3 психолог жұмыс істеп жатыр. (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23 жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама