×

ҰҚК қылмыстық топтың мүшелерін ұстады

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 28.10.2023 | 17:35
Коллаж: Halyq Uni

ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшердегі есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деген күдікті топ қатысушылары әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 келі гашиш және 12 келі марихуана сатпақ болған кезінде Қазақстанның 3 азаматы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама