×

Аягөз ауданындағы төрт баланың өліміне байланысты тергеу басталды – Бас прокуратура

Абай облысында өрт шыққан үйден төрт баланың мәйіті табылды

 Дәурен Ерболат 26.10.2023 | 11:14
Әсет Шындалиев, Бас прокурордың орынбасары

25 қазанда сағат 10:49-да төтенше жағдайлар қызметіне Аягөз қаласындағы жеке үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы хабар түскен.

6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы шұғыл түрде оқиға орнына барған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт шыққан үйдегі бөлмелердің бірінде жиһаздар мен жеке заттардың өртенгенін анықтаған. Өрт сағат 11:24-ге толық сөндірілді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында төрт баланың мәйіті табылды.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Аягөз қаласында болған өртке байланысты пікір білдірді.

Тергеу амалдары басталды. Өрттің не себепті болғанын бәрі анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір сізге өрттің неге болған айта алмаймын, - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама