×

Ақтөбеде көшедегі көліктерге түсіп жүрген ұры ұсталды

Ол екі күнде 5 автокөліктен ұрлық жасап үлгерген

 Еркеғали Болатұлы 24.10.2023 | 16:45
фото: mgazeta.com

Ақтөбеде автокөліктерден бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан ұры-рецидивист құрықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қалалық полиция бөліміне бірнеше тұрғын автокөліктерінен мүліктері ұрланғаны туралы арызданған. Ұры қала көшелерінде тұраққа қойылған автокөліктерге кіріп, ішінде қалдырылған заттарды жасырын алып кетумен айналысқан.

Әмияндар, құжаттар, құрал-саймандар қобдишасы, тіпті көлікте қалдырылған киім-кешек те күдікті қолына өтіп отырған. Ұры бірде көліктердің терезесін сындырса, бірде есіктерін ашып алу арқылы кіріп отырған. Осылайша, ол екі күннің ішінде 5 автокөліктен ұрлық жасап үлгерген, - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Ол қаланың бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталып, жуырда ғана жазасын өтеп шыққан 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Заттай айғақтар алынды. Күдікті кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама