×

Автобус жүргізушісі, механик және инженер бар: Алматыда 75 адамға мемлекеттік награда табысталды

Тізімге елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан алматылықтар енген

 Халық үні 24.10.2023 | 15:59
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаев алматылықтарға президент атынан Республика күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстады. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, қала әкімі 75 тұрғынға мемлекеттік награда тапсырды.

Марапатталғандар тізіміне елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар енген. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес, көлік салаларының өкілдері, еңбек ардагерлері, сондай-ақ қоғам және саяси қайраткерлер бар.

Мемлекет басшысының жарлығымен І дәрежелі «Барыс» орденімен «Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты» ЖШС директоры Герой Жолтаев марапатталды. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы композитор Эльмира Дехганиге мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін берілді.

ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Алматыэлектротранс» ЖШС автобус жүргізушісі Әкімжан Жұмабаев марапатталды.

Сондай-ақ қала әкімі мемлекет басшысының атынан алматылықтарға «Парасат», «Құрмет»,  ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерін, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарын  тапсырды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен «Алматы Су» МКК слесарі Дәулет Әбдірахманов, «Алматы Тазалық» МКК мамандандырылған техника жүргізушісі Ақынқожа Әміреев, «Самғау групп» ЖШС учаске бастығы Қуандық Ерепбаев, «Асфальтобетон 1» ЖШС аға механигі Камилжан Палтаев, «ОлжасLTD» ЖШС автобус жүргізушісі Мұхамеджан Садықов, «Алатау жарық компаниясы» АҚ АЭЖ-6  бастығының орынбасары Алмас Саматұлы, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ би бойынша педагог-ұйымдастырушысы Ғалия Тоқтарбаева, «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК директоры Марат Түкеев, «МИДЭС Строй» ЖШС техникалық директоры Виктор Шалыжин және «RBS Дострой» ЖШС инженері Роман Шевелев марапатталды.

Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының, қаланың қоғамдық кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары, мәслихат депутаттары қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама