×

Ақсуда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды

Жүргізуші апат орнынан қашып кеткен

 Динара Амантай 24.10.2023 | 13:24
Фото: polisia.kz

Ақсуда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 22 қазанда Ақсу қаласының Ленин көшесінде ВАЗ-21074 автокөлігінің жүргізушісі Еңбек ауылына қарай жүріп келе жатып, бұрылыста жолдың сол жағымен келе жатқан 58 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жүргізуші апат орнынан қашып кетті. «Ұстап алу» жоспары енгізілді. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жүргізушіні ұстады. Ол 41 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, – делінген Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сол күні Екібастұз қаласында сағат 22:30-да Абай көшесімен келе жатқан Lada-21144 автокөлігінің жүргізушісі 27 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде кесіп өтті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама