Премьер: Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр
Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты, дейді Смайылов
Үкімет отырысында премьер-министрдің айтуынша, ақылы жүйеге ауысып жатқан жолдардың жағдайына қатысты халықтың шағымы бар. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға жолдарды күтіп-ұстау сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес, биыл республикалық маңызы бар жолдардың 91%-ын және жергілікті жолдардың 85%-ын нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған. Ол үшін жалпы ұзындығы 4,3 мың км автожолды қайта жаңғырту әрі жаңа жолдар салу бойынша ірі жобалар іске асады. Сонымен қатар жол бойындағы 1 110 қызмет көрсету нысаны тиісті стандарттарға сәйкестендіріледі.
Әлихан Смайылов қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бірқатар проблемалық мәселе бар екенін атап өтті. Олардың ең негізгісі – жолдардың, әсіресе, жергілікті жердегі жолдардың нашарлығы. Дүниежүзілік экономикалық форумның деректеріне сәйкес, Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр.
Мемлекет басшысы жолдардың нашар жағдайын бірнеше рет айтты. Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты екенін атап өткім келеді, — деді үкімет басшысы.
Жол сапасы әкімдердің рейтингіне тікелей әсер ететін болды. Қазақстанда жол саласындағы мамандардың тек 10%-ның кәсіби білімі бар. Петропавлда жарты миллиард теңгеге жөнделген көпірден тағы да ақау шықты. «Жетіскеннен джип мініп жүрген жоқпыз». Жолы тозған, егін еге алмайтын Ақтөбе ауылы туралы.