×

СҚО тұрғындары жүргізуші куәлігін ала алмай жүр

Тұрғындар емтихан тапсыру үшін Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан қалаларына барып жүр

 Самат Жақып 17.05.2022 | 14:37
фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында тиұрғындар жүргізуші куәлігін ала алмай сенделіп жүр. Өйткені Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы жабдықтар әбден ескірген.

Емтихан тапсыра алмай жүргенін айтқан тұрғындар әлеуметтік желіде жиі шағымдана бастады. Ал жауаптылар құрылғылардың істен шығып, осындай мәселенің туындағанын растады.

Мамандардың айтуынша, шаһардағы мамандандырылған ХҚКО 2014 жылы халық игілігіне берілген. Содан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келген қондырғылардың бүгінде тозығы жеткен. Соның салдарынан аймақтағы автомектептерде оқуын тәмамдаған курсанттар Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан қалаларына барып емтихан тапсыруға мәжбүр. Өңірде мұндай мәселенің туындағанына бір айдан асқан. Осы уақыт аралығында көлік жүргізу куәлігін алу мақсатында емтихан тапсыру үшін 600-ден астам адам кезегін күтіп жүр.

«Құрылғылар ескірді. Жиі істен шыққан соң, олардың қосалқы бөлшектерін табу қиындап кетті. Орталықтың шешімімен бүкіл жүйе мен жабдықтарды ауыстырып жатырмыз. Енді барлығы спутник арқылы жұмыс істемек. Әлеуметтік желілерде 600-800 адам куәлік алуға кезекте тұр деген әңгіме тарады. Бір-екі күнде іске қосамыз. Кейін барлығын қабылдай бастаймыз, тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз», - дейді мамандандырылған ХҚКО бөлімінің басшысы Евгений Зубков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама