×

Алматы облысында 60 жастағы педофил кішкентай қызды зорлаған

Қыздан жауап алынып, ол оқиғаның қалай болғанын баяндап берген

 Еркеғали Болатұлы 23.10.2023 | 13:35
фото: yorick.kz

Алматы облысына қарасты Қарақастек ауылында 10 жастағы қыз баланы зорлаған күдікті ұсталды.

Әлеуметтік желіде кішкентай қыздан жауап алынғаны, оның оқиғаның қалай болғанын баяндап бергені туралы ақпарат тарады.

Аталған дерекке қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

17 қазанда Жамбыл аудандық полиция бөлімшесінде 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 1963 жылы туған азамат К. анықталып, барлық қажетті шаралар қолданылып, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ПД хабарламасында.

Қазір «қамауға алу» бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді.

«Істің тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды», – деді ПД өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін осы өңірде егіз қыздарды зорлады деген күдікпен 2 адамның қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама