×

Астана тұрғыны туысын «түрмеден шығаратын» әйелге 3,3 млн теңге берген

Ол 3 жыл бойы уәде беріп келген

 Дәурен Ерболат 23.10.2023 | 12:35
Фото: Halyq Uni

Астанада тұрғын жақын туысын түрмеден шығармақ болып, алаяққа алданып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Елордалық әйел жазасын өтеп жатқан жақын туысын түрмеден шығаруға көмектесемін деген алаяқтың сөзіне сеніп, оған 3 млн 370 мың теңге берген. Күдікті таныстары көп екенін, заңгерлік көмек көрсете алатынын айтып, жәбірленушінің ақшасын алған. Ол әйелге сотталушыны мерзімінен бұрын босатуға көмектесемін деп уәде берген.

Астана тұрғыны 3 жылдан аса уақыт күтіп, істің оң нәтижесі болмаған соң Алматы аудандық полиция басқармасына арызданған.

Жедел іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 37 жастағы әйелді ұстады. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама