×

Қызылорда облысында 37 жастағы азамат ірі компаниядан 33 млн теңге жымқырған

Ол Атырау қаласында ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 22.10.2023 | 10:49
фото: Halyq Uni

Қызылордалық полицейлер ірі компаниядан 33 млн теңгеге жуық ақшаны алаяқтық жолмен заңсыз иеленген азаматты ұстады.

Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында іздеуде жүрген 37 жастағы қызылордалықты Атырау қаласынан қолға түсірді.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ол биыл шілде айында алаяқтық жолмен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген, - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама