×

«7-20-25»: Қаржы нарығын реттеу агенттігі жемқорлық дауына жауап бермейді

Мәселеге бағдарлама операторы жауапты

 Дәурен Ерболат 20.10.2023 | 18:45
Фото: Halyq Uni/Дәурен Ерболатов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова «7-20-25» бағдарламасы төңірегіндегі жемқорлық дауына агенттік жауап бермейтінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістегі Парламеттік тыңдаудан соң журналист «Бұған дейін депутат қазақстандықтар «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін пара беріп жатқанын айтқан еді. Оның көлемі – 1,4 млн теңге. Ұлттық банк мұндай деректі сіздер (агенттік) тексересіздер деді. Мәселені қалай шешесіздер?» деп төрағаға сұрақ қойды.

Мәдина Әбілқасымова сауалға қысқа жауап берді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша бақылау жүргізу Ұлттық банктің міндетіне кіреді. Сондықтан оған біздің қатысымыз жоқ, - деді ол.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты «7-20-25» бағдарламасы жемқорлықтың ортасына айналды деп мәлімдеме жасаған еді. Бұл мәселеге Үкімет басшысының орынбасары да пікір білдірген.

Сондай-ақ Ұлттық банк аталған бағдарлама төңірегіндегі жемқорлық дауына түсінік беріп, мәселеге Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жауап беретінін айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама