×

Қазақстан Ресейге әскери мақсаттағы 106 тауарды экспорттауға толық шектеу қойды – СИМ

Қазақстан тарапы соғысқа қатысты экспорттық тауарларға шектеу қойды

 Дәурен Ерболат 19.10.2023 | 11:41
көрнекі фото: gov.kz

Қазақстан әскери мақсатта пайдалатын 106 тауарды Ресейге экспорттамайтын болды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.

«Біз (Ресей аумағы арқылы) барлық тауарды экспортқа шығарып жатырмыз. Тек соғысқа қатысты экспорттық тауарларға шектеу қойдық. Бұл – алуан түрлі 106 тауар. Біз олардың экспортын мүлде шектеп тастадық», - деді Қайрат Төребаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Вице-министр бұл қандай тауарлар екенін айтты.

Мәселен, дрондар: оның ішіндегі заттар. Сондай-ақ арнайы электроника, чиптер, сол сияқты тауарлар бар, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама