×

Алматыға жұмыс күндері орташа есеппен 400 мың автокөлік кіреді

Қалада 617 мыңға жуық автокөлік тіркелген

 Халық үні 18.10.2023 | 17:00
Фото: Абзал Қалиев

Алматыға жұмыс күндері орташа есеппен 400 мың автокөлік кіреді. Мұндай мәліметті қалалық полиция департаменті ұсынды.

10 негізгі магистраль бойынша Алматы аумағына жұмыс күндері орта есеппен 400 мыңнан астам автомобиль кіреді. Облыстан қалаға кіретін қосымша 17 жолмен 300 мыңнан астам көлік келеді. Осылайша, Алматыға 700 мыңнан астам машина кіреді, бұл шамамен қала халқының үштен бірі – 2,147 млн адам.

Бұл – 2023 жылғы 6 қазанында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы көшелерді бақылау негізінде алынған дерек, - делінген ақпаратта.

Сырттан кіретін көліктермен қоса, Алматының өзінде 617 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Бұған облыстан келетін 400 мыңнан астам көлікті қосқанда, мегаполис көшелерінде 1 млн 100 мыңнан астам машина жүреді. Демек, қаладағы әрбір екінші тұрғын көлік тізгіндейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама