×

Алматыда тұрғындар шағымынан кейін арық желісінің құрылысы басталды

Желілердің жалпы ұзындығы – 5 шақырым

 Халық үні 18.10.2023 | 10:16
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Наурызбай ауданының 5 көшесінде арық желісінің құрылысы жүріп жатыр. Бұған аудан тұрғындары өтінім берген, сонымен қатар үнемі су басатын аумақтарға мониторинг жүргізілген.

Желілердің жалпы ұзындығы – 5 км. Бұл жұмысқа төрт бригада жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары Береке, Ерубаев, Арал, Надыров көшелерінде, сонымен бірге «Alma Сity» тұрғын үй кешені Е4 бөлігінде жүргізіліп жатыр. Ал Құлыбеков пен Сабденов көшелерінде арықтар қайта жаңартылады, – делінген қала әкімдігі таратқан ақпараратта.

Наурызбай ауданындағы тағы 10 көшеде арық желісінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. 

Айта кетейік, 2023 жылдың 10 қазанынан бастап Алматы әкімдігінің қалада түрлі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде нөсер кәрізін жабдықтау қажеттілігі туралы қаулысы күшіне енді. Оған сәйкес көше-жол желісін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде инженерлік коммуникацияларды салудан, реконструкциялаудан және жөндеуден кейін қалпына келтіру жұмыстары кезінде нөсер кәрізін жөндеу көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама