×

Шымкентте жас жігіт мектеп ауласындағы турникке асылып қалды

Марқұм артында ешқанда жазба қалдырмаған

 Дастан Жұмабекұлы 17.10.2023 | 13:42
Фото: shymkentaqparat.kz

Шымкент қаласында 20 жастағы жігіт мектептегі спорт алаңындағы турникке асылып, қайтыс болды. Қайғылы оқиға 17 қазанда сағат түнгі 2:20-да болған.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері Шымкенттегі Тұран аудандық полициясына хабарласып, Қ. Қазиев көшесіндегі қала мектептерінің бірінің ойын алаңынан жас жігіттің денесі табылғанын айтты.

Жас жігіт турникке бекітілген қалың арқанға асылып қалған. Марқұм артына ешқандай жазба қалдырмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Одан дене жарақаттары табылмады. Сондықтан әзірше мұны кісі өлтіру деп санауға негіз жоқ.

Қазір қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама