×

Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды (ВИДЕО)

Істің барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

 Динара Амантай 17.10.2023 | 13:02
Фото: видеодан скриншот

Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөлмесінде қаланың 18 жастағы тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама түскен. Жас жігітті Жамбыл – Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлер алып кеткен.

Футбол ойнау кезінде қала тұрғыны өзін жайсыз сезініп, көгалға құлаған. Факті ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Істің барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама