×

Астанадағы альпинистердің өліміне қатысты комиссия құрылды

Төрт альпинист құрылыс алаңында биіктен құлады: олардың үшеуі қайтыс болды

 Дәурен Ерболат 17.10.2023 | 12:56
көрнекі фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елордадағы альпинистердің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қайғылы оқиға 12 қазанда болған: төрт альпинист құрылыс алаңында биіктен құлаған. Олардың үшеуі қайтыс болды.

«Қайғылы оқиғаға тоқталайын. Онда «Шишков» атты жеке кәсіпкер жұмыс істеген. Жеке кәсіпкер қауіпсіздік техникасын сақтауды жұмысшыларға түсіндіруі керек еді.

Бүгінгі таңда сараптама тағайындалды, комиссия құрылды. Оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Сондықтан бүгінде оларға қойылатын талаптар мен ережелер бірден өзгереді деп айтуға әлі ерте», - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама