×

Ақтауда мектепке бетпердемен келген оқушы мұғаліміне қарсы шыққан (ВИДЕО)

Кикілжің кеше 14-шағын аудандағы №1 мектепте болған

 Еркеғали Болатұлы 17.10.2023 | 11:42
фото: видеодан скриншот

Ақтауда оқушы мектепке өрмекшінің суреті бар бетперде тағып келген. Мұғалім сыныптан шығуды бұйырғанмен, ол тыңдамай, қарсылық білдірген. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Мұғалім мен оқушы арасындағы жанжалды өзге балалар видеоға түсіріп алған. Білім бөлімінің мәліметінше, оқушы сыныпқа өрмекшінің суреті бар бетперде тағып келіп, оны шешуден бас тартқан.

Маңғыстау облысының полиция департаменті де оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, кикілжің 16 қазанда 14-шағын аудандағы №1 мектепте болған.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысының сабақ кезінде мұғалімнің сөзін тыңдамағаны туралы видео анықталды. Осы факті бойынша Ақтау қалалық ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары жасөспірімнің ата-анасын анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізді, - деп хабарлады полиция.

Алайда Маңғыстау облыстық полиция департаменті мұғалім тарапынан шағым түспегенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама