×

Абай облысында сотталушы түрмеде адам өлтірген

Дәл осы мекемеде бұрынғы құқық қорғаушылар жазасын өтеп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 17.10.2023 | 09:30
фото: zakon.kz

Абай облысындағы түзету мекемесінде сотталған адамның көз жұмуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Облыстық жазаларды орындау жүйесі департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 5 қазанда 19 қауіпсіздік жүйесі аралас мекемеде болған. Сотталған екі ер адамның арасында жанжал туындапты.

Сол кезде біреуі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, - дейді департамент мамандары.

Қазір полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Бұдан бөлек, қызметтік тергеу жүргізілді. Соның нәтижесінде түрменің бірнеше қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Айта кетері, дәл осы түрмеде бұрынғы құқық қорғаушылар жазасын өтейді. Олардың ішінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық ұлан мен полицияда жұмыс істеген адамдар бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама