×

Министр ірі қалалардың 5G-ге қашан толық қосылатынын айтты

Жыл соңына дейін мыңнан аса базалық станция орнатылады

 Дәурен Ерболат 13.10.2023 | 15:21
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы ірі қалалардың 5G интернет желісіне қашан қосылатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алдымен ол жоспар бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Бүгінде 700 базалық станция орнатылып жатыр. Бұл көрсеткіштерді операторлар басып озып, жыл соңына дейін 1 мыңнан аса базалық станция орнатады, - деді Бағдат Мусин Digital Bridge форумы алаңында өткен брифингте.

Министр еліміздегі барлық ірі қалада 5G байланысы болатынына сенімді.

2025 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары республикалық маңызы бар қалалардың 75%-ын және облыс орталықтарының 60%-дан астамын (5G байланысымен) қамтып, тапсырманы орындайтынына толық сенемін. Демек 2025 жылдың соңына дейін әрбір облыс орталығында аумақтардың 60%-дан астамы 5G технологиясымен қамтылады, - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама