×

Елордада биіктен құлаған альпинистерге қатысты тың ақпарат жарияланды

24 жастағы жігіт көз жұмды

 Дәурен Ерболат 13.10.2023 | 13:35
Фото: Halyq Uni

Елордада биіктен құлап, жарақат алған өндірістік альпинистердің жағдайына қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 12 қазанда қаладағы №2 мемлекеттік көпбейінді ауруханаға биіктен құлаған альпинистер жеткізілген.

Зардап шеккен 3 адамға көптеген жұмсақ тіннің жарақаты, қабырғасы, жамбас сүйектерінің жабық сынуы, ішкі ағзаларының зақымдалуы, есеңгіреген деген диагноз қойылды. Науқастар қарқынды терапия палаталарына орналастырылды. Оларға шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді. Алайда 12 қазанда сағат 17:40-та 1999 жылғы жігіт алған жарақат салдарынан көз жұмды, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде қалған альпинистердің жағдайы өте ауыр.

Бүгінде 2 науқас (1999 және 2002 жылдары туған)  реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Астанада құрылысшылар биіктен құлап, біреуі қаза тапқаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама