×

QR арқылы жұмысқа тұру және жасанды интеллект курсы: Цифрландыруда тағы қандай өзгерістер болады?

Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орнына банкирлердің көңілі толмайды

 Бауыржан Мұқанов 12.10.2023 | 18:50
Фото: Halyq Uni

IT саласы дамыған ел деген қандай болады? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің ойынша, біріншіден, мемлекеттік қызметтер онлайн ғана емес, сонымен қатар проактивті болу, екіншіден, IT саласының тұрақты болуы және экономикалық өсімге жетелеуі.

QR АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ТҰРУҒА БОЛАДЫ

Біз елді шынымен де цифрландыра алдық. Биометрияны енгізгеннен мемлекеттік қызметті ай сайын белсенді қолданушылар саны (monthly active users - MAU) 6 есе көбейді. Биометрия алқылы қызмет көрсету басталғанан кейін елдегі көптеген процестер жеделдеді, - дейді министр.

Бағдат Мусиннің айтуынша, нотариус қызметін цифрландырғаннан кейін 18 мыңдай қызмет көрсетілген. Ең қызығы, әзірге ешқандай шағым жоқ. Бұндай қызметті әлемде бірнеше ел ғана көрсетеалады.

Ал онлайн ипотека арқылы 50 мың өтінім рәсімделген. Ал автокөлік саудасында 55 пайызы цифрлық түрде рәсімделіп жатыр.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта автокөлік нөмірін алу үшін де ХҚКО-ға бару қажет болмайды.

Биыл Ішкі істер министрлігімен келістік, көлік алғаннан кейін нөмір алу үшін ХҚКО-ға бармайтындай қыламыз. Егер көліктің нөмірін өзіңізге қалдырғыңыз келсе, оны сақтап қала алатын боласыз. Келесі жылы заңнамаға өзгеріс енгіземіз деп ойлаймын, - дейді министр.

Сонымен қатар министр жұмысқа тұру процедурасын да цифрландырып жатқанын айтты.

Бүгін біз президентке көрсеттік, алдағы уақытта QR арқылы анықтама алып, жұмыс берушімен келісімшартқа қолды онлайн қоятындай қыламыз. Анықтама жинап, кадр бөліміне барудың қажеті болмайды, - дейді Бағдат Мусин.

Бұдан бөлек, министрлік жол-көлік оқиғаларында адам зардап шекпесе, егер екі көлік бірін-бірі сырып кетсе, жүргізушілер жағдайды суретке түсіріп, сақтандыру компаниясына өтінімді онлайн жібере алатындай қылмақ. Полиция шақырып, ЖКО-ны рәсімдеуге мұқтаждық болмайды. Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен осы бағытта жұмыс істеліп жатыр.

ҚАЗАҚСТАНДА 14-15 УНИВЕРСИТЕТ ҚАНА ҮМІТ КҮТТІРЕДІ

Қазақстанда 119 университет бар, соның 76-сы ақпараттық технология мамандарын дайындайды.

Шынын айтқанда, бұл университеттердің ішінде 14-15 оқу орны ғана сапалы маман дайындайды, біз солардан үміт күтеміз, - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, қазір университеттерге барынша икемді автономия беріліп жатыр.

Біріншіден, мемлекеттік білім беру стандарты қайта қаралды. Биылдан бастап оқу орындары жоғары білім мазмұны 92 пайызға дейін өз бетінше құрады. ЖОО-лар жұмыс берушілер салалық және өңірлік ерекшеліктерге байланысты бағдарламаларын өздері құрады. Оның ішінде бакалавр бағдарламасы 4 жылға міндеттелмейді, - дейді министр.

Екіншіден, Саясат Нұрбектің айтуынша, оқу орындарына талап күшейді. Талапқа сай болмағандарының лицензиясы алынады.

Үшіншіден, президенттің айтқанындай, елде кемі үш университет жасанды интеллект дайындайтын болады. Біріншісі, Қызылордадағы Қорқыт ата университеті базасында болады. Сеул ұлттық технологиялық университеті осы оқу орнының бағдарламасына Оңтүстік Корея парламенті 1 млрд теңге бөліп отыр.

Екінші жасанды интеллект университетін Қаныш Сатпаев атындағы ҚазҰПУ Гонконг қаласы университетімен бірлесіп құрады. Қарашада келісімге қол қойылады.

Үшінші мектепті қайда құрылатыны әлі анықталмаған.

Минситрдің айтуынша, биыл 14 университте Google компаниясымен бірлесіп жасанды интеллект сауаты (AI literacy) курсы ашылады. 14 университеттің 7-еуі мемлекеттік, 7-еуі жеке меншік университеттер. Ал келер жылдан бастап барлық оқу орындарында бұл курс міндеттеледі.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БИЗНЕСПЕН ИНТЕГРАЦИЯҒА АШЫҚ

Қазақстанда цифлық технологияның дамуына мемлекеттік органдардың осы бағытта жұмыс істеуі мен оны орындай алатын жеке компаниялардың боулы зор ықпал етті, дейді Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. Ол цифрландыру бойынша әлемдік рейтингтегі Қазақстанның қазіргі орны төмендетіліп көрсетілген деп есептейді.

Қазақстан цифрландырудан әлемде алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Менің ойымша, барлық жоғары технологиялық компаниялар, мемлекеттік органдар жұмыс тобын құрып, әлгі рейтингті жасаушыларға барып мәліметтерімізді ұсынайық. Олар біздің өзімізден сұрамаса, қалай бізді рейтингте бағалайды, - дейді банкир.

Freedom Holding Corp. инвестициялық компаниясының негізін қалаушы және мажоритар акционері Тимур Турлов мемлекеттік қызметті қазіргі заманауи экономиканың негізі санайды.

Мемлекеттік қызмет экономиканың инфрақұрылымы. Қазақстанда мемлекеттік қызмет бизнеспен интеграцияға ашық. Мемлекеттік орган мен бизнестің арасындағы сенім жоғары. Ал қоғам, өз кезегінде, жаңалықты тез және оңай қабылдайды. Нәтижесінде еңбек өнімділігі жоғарылай түседі, - дейді Тимур Турлов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама