×

Шымкентте өрт сөндірушілер балаларды өлімнен құтқарды

Өртті сөндіруге 7 техника жіберілген

 Дәурен Ерболат 11.10.2023 | 17:20
Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Шымкентте көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 10 қазанда сағат 16:02-де «101» диспетчерлік қызметіне Абай ауданы Төлеметов көшесінде көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына 7 өрт сөндіру техникасы мен 37 маман жіберілген.

Өрт сөндірушілер пәтерлердің бірінде балконнан өрт шығып, салдарынан үйді қою қара түтін басқанын анықтаған. Балконда үйдің заттары жанған.

Мамандар өрттің таралуына жол бермей, оны сағат 16:24-те толық сөндірген.

№5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушілері Марат Әліпбаев және Арман Махмұт қара түтін басқан пәтердің ішінен 4, 5 жасар 2 бүлдіршінді алып шыққан. Олар жедел-жәрдем бригадасына тапсырылған, - деп жазылған қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша балалар үйде отпен ойнаған. Салдарынан өрт шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама