×

200-ге жуық қандас елордада: Отандастар форумы басталды

Қырықтан астам елден қандастар келді

 Халық үні 11.10.2023 | 10:21
Фото: Halyq Uni

Астанада өтіп жатқан форумға шетелдегі қазақ ұйымдарының басшылары, белсенділері, жанашырлары және шетелдегі ғылым, білім, мәдениет, бизнес, медиа, саясат сынды басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлері келді.

Форумның мақсаты – шетелдегі қазақ ұйымдарымен өзара түрлі ынтымақтастық мәселелерін талқылау; еліміздің жаңа кезеңдегі мемлекеттік саясатымен және саяси-экономикалық реформаларымен, сондай-ақ ұлттық руханиятқа қатысты заманауи трендтермен таныстыру; шетелдегі қазақтарды қолдауда Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты, шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанда сапалы білім алу және өз қабілеттерін іске асыру, сондай-ақ елге көшіп келетін қандастарға мемлекет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шаралары туралы ақпараттандыру.

Шара аясында «Ел дамуындағы қандастардың рөлі», «Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті – ұлттық құндылықтарды ілгерілету драйвері», «XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері», «Медиа және заманауи трендтер» тақырыптары бойынша сессиялар және «Отандастар Қоры» КеАҚ жаңа жобалар тұсаукесері мен «Тайқазан» форумның қорытынды сессиясында өтеді.

Форумның бас серіктесі «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры мен Ұлттық спорт қауымдастығы «Отандастар» форумына арнайы мәдени-спорттық бағдарлама ұйымдастырды

Атап айтқанда, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Салалық спорт федерацияларының мамандары ұлттық ойындарымыздан (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, құсбегілік) қойылым көрсетті. Қонақтардың назарына  қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар да ұсынылды.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама