×

Ақмола облысында 30 жастағы жігіттің жұмыс орнында жарақат алуына қатысты іс қозғалды

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

 Динара Амантай 10.10.2023 | 17:52
Фото: Halyq Uni

Ақмолалық полицейлер еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша іс қозғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 қазанда Шортанды аудандық ПБ-ға орталық аудандық ауруханадан «жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, бас сүйегінің жабық сынуы, травматикалық шок» диагнозымен 30 жастағы ер адамның түскені туралы телефон хабарламасы түскен.

Жедел тергеу тобы жәбірленушінің кәсіпорында оқпанды жерасты жұмысшысы болғанын және оның жүк тиеу-жеткізу көлігімен жұмыс істеген кезде жарақат алғанын анықтады. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 156-бабы («Еңбекті қорғау ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, – делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама