Каспийде тағы 60-тан астам өлі итбалық табылды

Қымбат Елтайқызы

Бұған дейін теңізде итбалықтар жаппай қырылған еді

коллаж: Halyq Uni\Экология министрлігі

2022 жылғы 14 мамырда Маңғыстау облысындағы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына қарасты балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Форт-Шевченко теңіз портының жағалау аймағында, «Үрдүк» мүйісінен «Баутин қосасы» жеріне дейінгі аумақта 64 өлі итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балығын тапты.

«Теңіз жануарлары және бекіре балықтарының ұшалары қатты ыдырау күйінде болды. Соның салдарынан зерттеу жүргізу үшін сынамалар алу мүмкін болмады. Демек олардың өлімі қыста болған деп болжауға болады», – дейді экология министрлігі.

Теңіз жануарлары мен балықтары табылған жерден су және ауа сынамалары алынды.

Биылғы сәуірдің соңында Каспий теңізі жағалауындағы Түпқараған ауданында өлі итбалықтардың 97 ұшасы табылған болатынҒылыми ведомстволар қызметкерлерінің ақпараты бойынша, зерттеу нәтижелері, сондай-ақ жануарлар өлімінің болжамды себептері зерттеу жүргізілгеннен кейін бір ай ішінде жарияланадыМаңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасының инспекторлары Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да учаскелеріне мониторинг жүргізіп жатыр.