×

Мамандар Маңғыстаудағы итбалықтардың неден қырылып жатқанын анықтай алмай отыр

Каспий жағасында өлген 94 итбалық табылды

 Ербол Тұрымбет 28.04.2022 | 10:07
фото: gov.kz

27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеуді жалғастыру барысында өлген 94 итбалық табылды.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су мен топырақ сынамаларын алды. Айта кету керек, итбалықтар қаңқасының қатты ыдырауынан өлімнің себебін анықтау мақсатында сынамалар алу мүмкін болмаған.

Қазір өлген итбалықтардың қаңқасын жою шаралары ұйымдастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында итбалықтың ең көп қырылу дерегі соңғы 5 жылда болған. 2017 жылы Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының ауданында өлген 247 итбалық табылған, алайда қырылу себебін анықтай алмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама