×

«Ойыннан от шықты»: ШҚО-да ауыл балалары 30 тонна шөпті өртеп жіберген

Келесі күні Қарабұлақ ауылдық округінде ашық аумақта 85 тонна пішен өртенген

 Еркеғали Болатұлы 09.10.2023 | 17:00
фото: ШҚО ТЖД

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өңірде екі күнде 115 тонна шөптің өртенгенін мәлімдеді.

Бірінші оқиға 7 қазанда Жарсу ауылында болған. Онда дер үйдің ауласында 30 тонна пішен отқа оранған.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер бірден жалынмен күресті. Cол жерге құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінен 15 адам мен трактор тартылған. Алдын ала дерек бойынша, өрттің шығуына балалардың сіріңкемен ойнауы себеп болып отыр, - делінген ақпаратта.

Ал келесі күні Қарабұлақ ауылдық округінде ашық аумақта 85 тонна пішен өртенген. Өрттің шығу себебі – отты абайсыз пайдалану.

Тілсіз жаумен күреске өрт сөндірушілер, жергілікті тұрғындар, «Тарбағатай Мұнай» кәсіпорнының жұмысшылары мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен 16 адам мен 7 техника жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама