×

Астанада компьютерлік клубтан ұрланған телефон дәмханада кепілдікке қалдырылған

Күдікті – қаланың 28 жастағы тұрғыны

 Еркеғали Болатұлы 09.10.2023 | 11:37
фото: toptver.mirtesen.ru

Астана қаласы Алматы аудандық ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлады деген күдікпен қаланың 28 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында оның Абылай хан даңғылындағы компьютерлік клубқа барғаны белгілі болды. Таңғы сағат 07:30 шамасында ол әкімшінің жұмыс орнында ұйықтап жатқанын және оның ұялы телефоны көзге көрінетін жерде тұрғанын байқаған.

Содан күдікті жақындап келіп, алдымен оның іс-әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғына көз жеткізіп, содан кейін тіркеу орнынан iPhone 7 телефонын алып кеткен.

Кейін ұры гаджетті елордалық дәмханалардың біріне қарыз төлемнің орнына қалдырған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама