×

Талдықорғанда көліктен қыз бен жігіттің мәйіті табылды

Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл фактіні растады

 Еркеғали Болатұлы 09.10.2023 | 11:26
фото: pichold.ru

Талдықорғанда көліктен екі жастың денесі табылды. Олар газдан уланып көз жұмған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жер үйлердің бірінің гаражынан жас жігіт пен қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жазба авторының айтуынша, олар от алып тұрған көлікте ұйықтап қалған.

Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл фактіні растады. Алдын ала болжам бойынша, жастар улы газ салдарынан көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама