×

Қазақстанда адвокаттарға қарсы жиі заң бұзылады – Айдын Бикебаев

Елордада VII Қазақстандық халықаралық адвокаттар форумы өтіп жатыр 

 Ербол Тұрымбет 06.10.2023 | 14:12
Фото: Halyq Uni

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаевтың айтуынша, Қазақстандағы адвокатура жүйесінің деңгейі Орталық Азия елдерімен салыстырғанда жақсы. Алайда Еуропа, Түркия, тіпті Кавказ елдерінде адвокатура әлдеқайда мықты. Оларда адвокаттық монополия бар, барлық істі, сот болсын, құқық саласында кеңес беру болсын – адвокат жүргізеді. Оларда адвокаттардың кепілдіктері мықты, құқықтары да жеткілікті. Содан соң оларға мемлекет істеріне кедергі болмас үшін арнайы қорғау кепілдіктерін береді. Ал бізде керісінше, адвокаттарға қарсы жиі заң бұзылады. Оның қалайда шешімін табу керек. 

Оның сөзінше, бүгінде Мәжіліске кірген Қылмыстық-процессуалдық кодекс пен Қылмыстық кодекс жобасы біраз мәселені шешеді деген үміт бар. 

Адвокаттарға қатысты да жеке заң Мәжіліске кірейін деп жатыр. Бірақ ол заң көңілімізден шыққан жоқ. Біздің ойымызша, оны әлі де Әділет министрлігімен бірге отырып, талқылап жетілдіру керек, - дейді ол.

Айта кетерлігі, бізде адвокатураға кіру үшін үміткер емтиханды Әділет министрлігіне тапсырады. Айдын Бикебаевтың сөзінше, адвокаттар алқасы оларды адвокаттық әдеп жағынан тексере алмайды, себебі, ондай құқы жоқ. Сондықтан заңның осы жерін өзгертіп, емтихан сынағын қиындату керек деп санайды.

Елімізде адвокат пен прокурор дәрежесінің тең болмауынан айыптау үкімдерінің үлесі 99%-ға дейін барады. Демек, бірдеңені өзгерту керек. Егер прокурор кассациялық шағым түсірсе, ол бірден кассациялық сотқа түседі. Ал соны адвокат жазса оның түсуі қиын, бүгінде сондай шағымдардың шамамен 3,5%-ы ғана сотқа барады. Бізде адвокаттардың жұмысына кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік деген атымен жоқ, - дейді Айдын Бикебаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама