×

Шымкентте жолдарды күтіп ұстауға жауапты 100-ден аса мекеме басшылары жазаланды

Қазір қаладағы магистралды жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 06.10.2023 | 13:31
Фото: polisia.kz

Шымкент жолдарын күтіп ұстауға жауапты 100-ден астам заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мегаполисте жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері 2 мың 347 шақырым жолды тексерді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, тиісті орындарға 1 мың 100 нұсқама берілді. Сондай-ақ жолдарды күтіп ұстауға жауапты 105 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 13 лауазымды азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 462, 630, 631, 632-баптарында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін хаттама толтырылды.

Айта кетсек, қазір қаладағы магистралды жолдарда, яғни Дулати, Қазыбек би, Алматы тасжолы, Желтоқсан, Адырбеков, Тәуке хан даңғылы және 13 ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына көлік қозғалысына қатысу кезінде жол жүру қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама