×

Министр лудоманияны емдейтін хаттама әзірленгенін мәлімдеді

Ол бойынша науқастар емделген

 Дәурен Ерболат 05.10.2023 | 17:23
фото: ОКҚ

Елімізде лудоманияны емдейтін хаттама әзірленді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, лудомания психикалық ауытқу ретінде емделеді.

Мамандар лудоманияны емдейтін хаттаманы әзірледі. Оны медициналық ұйымдар сынап көрді. Енді жақын күндері біріккен сапа комиссиясы мақұлдайды. Жеке орталықтар тек лицензия бойынша емдеуі керек. Егер лицензия болса, онда мамандар, жабдықтар, тиісті бөлме болуы қажет.

Сондықтан олар Денсаулық сақтау ұйымының барлық актісін, бұйрығын басшылыққа алуға міндетті»,- деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама