×

Елорда прокурорлары мұғалімдердің құқығын бұзғандарды жауапқа тартты

Олар қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізген болатын

 Динара Амантай 04.10.2023 | 17:00
Фото: Halyq Uni

Елорда прокурорлары қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, тексеріспен ұжымдық шарттың талаптары бойынша педагогтер мен техникалық персоналға, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 млн теңгеден астам сомаға үстемақы төлемеу фактілері анықталған.

Басқа жағдайда, 7 мектепте қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі үшін қаржыландыру көзделмеген және тиісті медициналық ұйымдармен шарттар жасалмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қадағалау актісі бойынша мұғалімдердің конституциялық құқығы қорғалып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама