×

Жол талғамайтын көлікпен Іле-Алатауына барғандар орманшыны соққыға жыққан

«Зорлық-зомбылық қолдану» бабында 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

 Еркеғали Болатұлы 04.10.2023 | 09:55
фото: Алматы қаласының ПД

Іле-Алатау ұлттық саябағында жол талғамайтын көлік тізгіндегендер тәртіпке бағынбай, орманшыны ұрып кеткен. Қазір қаскөйлердің жеке басы анықталып отыр.

Алматы қаласының ПД бұл фактінің «Бұзақылықтан» «Зорлық-зомбылық қолдану» бойынша қайта даярланғанын нақтылады. Осы бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Арнайы жедел тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Алматы қаласы ПД басшылығының бақылауында екені хабарланды.

Қылмыс объектісі жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның лауазымды адамы екенін ескере отырып, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 380-2-бабының 3-бөлігі («Мемлекеттік инспекторға, қорықшыға қатысты зорлық-зомбылық қолдану») деп қайта біліктілендірілді, – делінген полиция мәлімдемесінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама