×

9 қап марихуанамен ұсталған қызылордалықтар сотталып кетті

Оның салмағы 42 келіден асқан

 Дәурен Ерболат 03.10.2023 | 17:59
Фото: polisia.kz

9 қап марихуанамен ұсталған 2 қызылордалыққа сот үкімі шықты, деп хабарлады Polisia.kz.

2 қызылордалық Toyota Camry 40 көлігімен Арал ауданына мал сатып алу үшін жолға шыққан. Олар Самара – Шымкент тасжолымен жүріп бара жатып, көліктің күндізгі жарық шамдарын жақпаған. Осылайша, полицейлердің көзіне түскен.

Тәртіп сақшылары автомобильді тоқтатып, оның техникалық тексеруден өтпегенін анықтаған. Көліктің ішінен салмағы 42 келі 682 грамм болатын 9 қап марихуана табылды.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. 

Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама