×

Қазақстан халқы 20 миллионға жақындап қалды

Бір жылда 258 мың сәби дүниеге келген

 Дәурен Ерболат 03.10.2023 | 16:16
Фото: Halyq Uni

Биыл 1 қыркүйекте Қазақстан халқының саны 19 млн 944 мың 726 адамға жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2023 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 258 011 бала дүниеге келіп, 85 989 адам қайтыс болған. Жыл басынан бергі халықтың жалпы өсімі – 172 022 адам.

Сондай-ақ жыл басынан бері Қазақстанға 17 мың 200 адам келіп, 11 303 адам елден кеткен.

Бүгінде қалаларда 12 млн 368 мың 662, ауылдарда 7 млн 576 мың 64 адам тұрады.

Ерлердің саны – 9 млн 738 мың 769, әйелдер саны – 10 млн 205 мың 957 адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама