×

Алматы мектебінде бастауыш сынып оқушысы зорланған: күдіктілер әлі анықталмады

ІІМ Алматы мектебіндегі оқиға туралы мәлімет берді

 Дәурен Ерболат 03.10.2023 | 11:58
photo © Halyq Uni / Айбек Тымбаев

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыда 7 жасар баланың зорлануына қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.

Бұған дейін Алматы мектептерінің бірінде оқушы зорланғаны хабарланған.

Марат Қожаев қылмыстық істің бақылауға алынғанын жеткізді. Бірақ күдікті әлі анықталмаған.

Дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Мен тергеуге қатысты түсінік бере алмаймын. Тергеу қорытындысын күтейік. Күдіктілер әлі анықталған жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деді министрдің бірінші орынбасары.

Бұған дейін Алматы халықаралық мектебінде 1-сынып оқушысына зорлық көрсетілді деген ақпарат тарады. Оқушының анасы әлеуметтік желіде бөлісті. Ал мектеп директорының айтуынша, білім ордасында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама