×

Көкшетауда немересі әжесінің ақшасын қолды қылған

Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

 Динара Амантай 03.10.2023 | 11:05
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында немересі зейнеткердің жинаған қаражатын қолды қылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 қыркүйекте ПБ-ға облыс орталығы тұрғынынан ұрлық фактісі туралы өтініші түскен. Ақмолалық тұрғын 2023 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында өзіне тиесілі депозиттен 1 миллион 340 мың теңгесі жоғалғанын хабарлады. Істі тексеру үшін қарт әйел полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаның жоғалуына жәбірленушінің уақытша жұмыс істемейтін немересінің қатысы барын анықтады. Жас жігіт зейнеткердің мобильді қосымшасына өз телефон нөмірін қосып, ақшасын жеке шотына ішінара аударып отырған. Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама