×

Қазақстандықтарға салынған айыппұл есебінен бюджетке 51,7 млрд теңге түсті

Ең көп айыппұл алматылықтарға салынды

 Динара Амантай 03.10.2023 | 10:23
Фото: Halyq Uni

Қазақстандықтарға салынған айыппұлдардың есебінен бюджетке 51,7 млрд теңге түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылдың 8 айында шамамен 6,8 млн әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. 5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілді. Өз кезегінде айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 млрд теңге көлемінде 50% жеңілдікпен төленді. Жыл басынан бері әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8% болды.

Ең көп айыппұл салынған өңірлер:

  • Алматыда 16,8 млрд теңге көлемінде 1 млн құқықбұзушылық тіреліп, 12,7 млрд теңге төленді;
  • Астанада 12,7 млрд теңге көлемінде 800 мың құқықбұзушылық тіркеліп, 8,6 млрд теңге төленді;
  • Ең азы – Павлодар облысында: 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген.

Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ын ішкі істер органдары анықтаған. Ішкі істер органдары 5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен.

Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқықбұзушылықтар құрады. Олар бойынша 38,1 млрд теңге сомасына 3,4 млн астам ұйғарым шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама