×

Chat GPT, келесі пандемия, өзге планеталықтар және роботтар: Nobel Fest фестивалінде не талқыланады?

Шара инновация, ғылым және білім тақырыптарына арналады

 Халық үні 03.10.2023 | 11:20
Коллаж: Nobel Fest ұйымдастырушылары

5-6 қазан аралығында Астанада өтетін, әлемнің түкпір-түкпірінен заманауи ғылымның көрнекті тұлғалары – Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылыми Оскар иегерлері, жоғары деңгейдегі ғалымдар, сонымен қатар стартаптар мен бизнесмендердің басын қосатын, қазақстандықтар асыға күткен ғылыми фестиваль – Nobel Fest барысында осы тақырыптар талқыланатын болады.

Фестиваль бағдарламасы үш негізгі бағытта (үш кезең) өрбиді.

Бірінші трек – инновация. Мұнда соңғы технологиялық жетістіктер, жасанды интеллект, GPT сияқты өнертабыстар, нейрондық желілер туралы сұрақтар талқыланады. Жаңа индустриялар, роботтар және еңбек нарығының болашағы қалай өзгеретіні де айтылады.

Екінші трек – ғылым. Жақын арада ашылатын құпиялар туралы сұрақтарды және адамның миы мен санасын зерттеуді қамтиды. Сондай-ақ, кванттық компьютерлер, жерден тыс өмір мен өркениеттерге қатысты мәселелер талқыланады.

Үшінші трек – білім. Осы саладағы заманауи тәжірибелерді, сондай-ақ цифрлық дәуірде қандай дағдылар мен білімнің маңызды бола бастағанын ашады.  

Бағдарламаның толық және жан-жақты түсіндірілген нұсқасы веб-сайтта қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, фестивальде жетекші спикерлер түрлі салалардағы өзекті тақырыптарды талқылайды.

Фестивальге «Nobel Peace Prize» сыйлығының лауреаты, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы Рае Квон Чунг қатысады. Сонымен қатар, фестивальде ол «+1,5 градус. Дүниенің құлдырауын тоқтатып үлгереміз бе?» деген сауалға жауап береді. Одан бөлек спикерлер арасында өмір туралы ғылым саласындағы Серпін сыйлығының 2022 жылғы иегері Паскаль Майер, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дәрия Қожамжарова бар. 

Әлемге әйгілі футурологтар біздің болашаққа деген сенімімізді, алдағы уақыттағы қауіп-қатерлерді талқылайды. Олардың қатарында инновациядағы ТОП 3 ықпалды ғалымдардың бірі (Wired), «Технология адамдарға қарсы» бестселлерінің авторы Герд Леонгард, сондай-ақ Future Hub-тағы SAP жетекшісі Мартин Везовски мен «Қауіп-қатерді бағалау тобы» үкіметтік емес консалтинг ұйымының директоры Досым Сәтпаев бар.

Адам миының беймәлім мүмкіндіктері туралы да сөз болмақ. Атап айтқанда, М.В. Ломоносов атындағы МҰУ профессоры, биология ғылымдарының докторы, адам миын зерттеудегі танымал сарапшылардың бірі, психофизиолог, МҰУ биология факультетіндегі нейрофизиология және нейроинтерфейстерді зерттейтін Ресейдегі бірінші лабороторияның меңгерушісі Александр Каплан цифрлық әлемдегі адам миының ресурстары туралы айтса, Көрнекті нейробиолог, «Адам миы» жаһандық жобасының негізін қалаушы, University College London неврология институтының құрметті профессоры, Université de Lausanne-да клиникалық нейроғылымдар кафедрасының меңгерушісі Ричард Фраковяк «Миымыздың беймәлім мүмкіндіктерін қалай танимыз?» деген сұраққа жауап береді. 

Сонымен қатар, Аризона университеті жерді және ғарышты зерттеу бөлімінің негізін қалаушы профессоры және Origins жобасының құрметті директоры Лоуренс Краус мульти-планеталық өркениет құру мүмкіндіктері туралы толғаныстарын бөліседі. 

Силикон алқабының гурусы, жоғары технологиялар саласындағы ең ықпалды қырық ғұламаның бірі (TIME Tech 40 бойынша) Вивек Вадхва үнемі өзгеріп тұратын ортада классикалық бизнесті не күтіп тұрғаны туралы пікірталасқа қатысады.

Ал әлемдегі ең ықпалды автокөлік дизайнері, Mini Cooper, BMW X5, Ferrari F430, Maserati көліктерінің дизайн концепцияларын жасаушы, Frank Stephenson Design (FSD) негізін қалаушы Фрэнк Стивенсон автомобиль өнеркәсібі мен осы саланың болашағы туралы әңгімелейді.

Minerva жобасының негізін қалаушы, төрағасы және бас директоры, Минерва университетінің құрметті ректоры Бен Нельсон инновациялар заманында кәсіпкерлерге қандай білім қажет екенін айтады. 

Көрермендер алдында құны $11,5 млрд болатын Rippling - №1 персоналды басқару стартапының негізін қалаушы және бас техникалық директоры, инноватор Прасанна Санкар сөз сөйлейді.

Nobel Fest кезінде танымал қазақстандық пианист Ratovich-тің қойылымы да ұйымдастырылады.

Жоғарыда аталған беделді спикерлерден бөлек білім-ғылым тақырыбында Халықаралық кристаллография одағы материалдардың кристаллографиясы жөніндегі комиссиясының негізін қалаушы Артем Оганов, InDrive білім беру бағдарламасының басшысы, жазушы және академиялық қайраткер Эндрю Вахтель, Қазақстандағы алғашқы жылдам кәсіптер университетінің негізін қалаушы Диана Камаладин, SAP корпорациясының болашақ даму бөлімінің басшысы, футуролог, Future hub SAP жетекшісі Мартин Везовский, TikTok-тың коммерциялық директоры және сату саласында көшбасшысы Мишель Шнайдер, Халықаралық экономист, БреттонВудс қайта құру комитетінің негізін қалаушы және атқарушы директоры Марк Узан, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды зерттеу» басымдығы жөніндегі Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, ҚР БҒ министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» ММ-нің жетекші ғылыми қызметкері Жақсылық Сәбитов, Кәсіпкер, стратег, Карнеги Меллон университетінің профессоры, кәсіпкерлік туралы бестселлерлердің авторы Тарун Вадхва, Белгілі медиаменеджер, ҚР президенті Телерадио кешені атқарушы директорының кеңесшісі Арман Давлетияров, «LERNA» (Қазақстандағы Skillbox, Geekbrains, SkillFactory экскюзивті өкілі) жобасында HRD Марина Арефьева, Get Course негізін қалаушылардың бірі Тимур Каримбаев, Жазушы, кинорижессёр және сценарист, Қазақстанның еңбір сіңірген қайраткері Ермек Тұрсынов, «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының басқарма мүшесі, төрт кітаптың авторы: «Ақ-Орда. Қазақ хандығының тарихы», «Соңғы батырлар дәуірі», «Қазақстан мен Ресей» және «Бабалар жолы» Радик Темірғалиев бар. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама