×

Жас қари Құранды жатқа айтып, жаңа көлік жеңіп алды

Жеңімпаздар 4 номинация бойынша марапатталды

 Дәурен Ерболат 02.10.2023 | 14:55
Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Ақтау қаласындағы «Бекет ата» орталық мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқауы мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сауапты іс-шараға Бахаридин Аблязимов, Сәдуақас Олжабаев демеушілік жасады.

Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттаған қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Маңғыстау облыстық өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен барша дін қызметкерлеріне, әділқазы мүшелеріне алғыс айтамын, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіске жеткен қарилардың тізімі төмендегідей:

«Мәнерлеп оқу» бойынша:

  • І орын (1 000 000 теңге) – Ерболат Шаудырбай (Қарағанды облысы);
  • ІІ орын (700 000 теңге) – Саламат Иманғалиев (Атырау облысы);
  • ІІІ орын (500 000 теңге) – Сұлтан Бегімов (Алматы қаласы);

«10 пара» бойынша:

  • І орын (1 500 000 теңге) – Махмұт Мырзахметов (Алматы қаласы);
  • ІІ орын (1 000 000 теңге) – Ахат Молдин (Қарағанды облысы);
  • ІІІ орын (750 000 теңге) – Абдуғани Мырзабек (Жетісу облысы);

«20 пара» бойынша:

  • І орын (3 000 000 теңге) – Нұрислам Ахметжанұлы (Атырау облысы);
  • ІІ орын (2000 000 теңге) – Айтхан Диас (Түркістан облысы);
  • ІІІ орын (1 500 000 теңге) – Абдулазиз Абдулбақи (Астана қаласы);
  • ІV орын (800 000 теңге) – Қасым Рузихан (Қарағанды облысы);
  • V орын (500 000 теңге) – Жұбан Әділқайыр (Алматы қаласы);

«30 пара» бойынша:

  • І орын (автокөлік) – Ниғматулла Әбдіәзімов (Алматы қаласы);
  • ІІ орын (3 000 000 теңге) – Рақымжан Мырзатай (Маңғыстау облысы);
  • ІІІ орын (2 000 000 теңге) – Нұртілеу Сейітқасым (Қарағанды облысы);
  • ІV орын (1 000 000 теңге) – Исламнури Игілік (Шымкент қаласы);
  • V орын (700 000 теңге) – Нұрмұхамед Лиров (Жамбыл облысы).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама