×

Павлодарда танысын өлтірген тұрғын сотталды

Ол полицияға өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған

 Динара Амантай 02.10.2023 | 11:59
Фото: Halyq Uni

Павлодар қаласының тұрғыны танысын өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 31 жастағы күдіктіге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2 қаңтарда Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне қала тұрғыны өз еркімен келіп, кінәсін мойындады. Ер адам 2022 жылдың қыркүйегінде өзінің 59 жастағы танысын өлтіргенін хабарлады. Ол сол күні тұрғылықты жеріндегі үйде алкогольдік ішімдіктер ішу кезінде танысы екеуінің арасында жанжал туындап, оны тұншықтырып өлтіргенін айтты. Мәйітті үйдің ауласына көмген, – делінген Павлодар облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған дерек тіркеліп, тергеушілер ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қажетті тергеу шараларын өткізгеннен кейін осы іс қылмыстық істер бойынша сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама