×

Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 29.09.2023 | 17:44
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында зейнеткер ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерек Кербұлақ ауданында тіркелген. 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

Ұсталған азамат – жәбірленушінің туған әкесі. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған, – делінген Кербұлақ аудандық полициясының хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама