×

Ақтөбеде 2 жігіт тұрғындарды бопсалаумен айналысқан

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 29.09.2023 | 15:56
Коллаж: Halyq Uni

Ақтөбеде тұрғындарды бопсалаумен айналысқан 2 жігіт ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 26 қыркүйекте ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 25 жастағы ақтөбелік екі жігітті ұстады. Олар қала тұрғындарынан 2 млн теңгеге жуық ақшаны ашық түрде тартып алған және бопсалаумен айналысқан. Сонымен қатар күдіктілер 22 жастағы екі жәбірленушіні жалдамалы пәтерде ұстап, қысым көрсетіп, қорқытқан.

ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама