×

Алматыда жұрттың телефонын алып кетуді әдетке айналдырған жігіт ұсталды

Күдіктіні таныған азаматтардың полицияға хабарласуы қажет

 Еркеғали Болатұлы 29.09.2023 | 13:52
фото: azh.kz

Алматы қаласының полициясы Талдықорған, Шымкент, Тараз қалалары мен Ақтөбе облысында бірқатар алаяқтық пен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.

Полиция мәліметінше, жас жігіт биыл шілде айында Алматыға ақша табу мақсатында барған. Ол қоңырау шалу үшін көшедегі адамдардан телефон сұраған. Нөмірлердің комбинациясын теретіндей кейіп танытып, оқиға орнынан кетіп қалып отырған. Содан кейін ұялы телефондарды сатып, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Біздің бөлімшенің жедел уәкілдері күдіктіні ұстады. Қазір оның үш алдау дерегіне қатысы бар екені анықталды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне («Алаяқтық») сәйкес қылмыстық іс тіркелді, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Қазір күдікті қамауға алынды. Ал полицейлер алданғандардың одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Күдіктіні таныған азаматтар мына телефон нөмірлеріне хабарласуы қажет: 8-705-555-77-63 және 8-778-591-91-35.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама