×

Павлодарда мектеп аумағында дәрет сындырған ер адам жауапқа тартылды

Ол істеген әрекетіне өкінді

 Динара Амантай 29.09.2023 | 12:14
Фото: Halyq Uni

Павлодарда мектеп аумағында дәрет сындырып, жат қылық көрсеткен ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Павлодар қалалық ПБ-ға №16 мектеп аумағында дәрет сындырып, жат қылық көрсеткен ер адам жүр деген шақыру келіп түскен. Полиция адамның жеке басын анықтады. Павлодар қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды.

Сот барысында ол мас болғанын және әрекетін есіне түсіре алмай тұрғанын түсіндірді. Ол істеген әрекетіне өкінді. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді, – делінген полиция хабарламасында.

Сот шешімімен ер адамға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама